Жаңалықтар

Екібастұзда көшені ыстық су басты

Екібастұзда көшені ыстық су басты
Фото: Видеодан кадр 18.05.2023 11:41 962

Көше бойында ыстық су ағып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі қолданушылары «Ыстық судың қайда кетіп жатқаны енді түсінікті болды. Құжат бойынша бізге ыстық су берілген», «Ыстық су көздері. Шипажай аймағы» деп жазады. 

Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 06:30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған. 

– Қазіргі таңда учаске өшірілген. Ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жұмысшылары жұмыс істеуде, – дейді әкімдікте. 

Мердігерлік ұйым бүгін сағат 14:00-ге дейін жағдайы реттеуді жоспарлап отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Экибас в Теме 😎 | 𝙊𝙛𝙛𝙞𝙘𝙞𝙖𝙡 ™ (@ekibasvteme)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға