Жаңалықтар

Екібастұзда көмір өндірушілердің кәсіби мерекесі атап өтілді

Екібастұзда көмір өндірушілердің кәсіби мерекесі атап өтілді
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 27.08.2023 17:27 593

Екібастұзда көмір өндірушілердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Дәстүр бойынша Кеншілер күні тамыздың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ресми түрде кәсіби мереке 1947 жылдың тамызында бекітілді. Сол кезде «Құрметті шахтер» атағы үйлестірілді. 

Екібастұздың дамуы көмір өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты. Кеншілер мен шахтерлардың еңбегі біздің аймағымыз үшін өте маңызды. Және бұл жұмыс барынша төзімділікті, батылдық пен адалдықты қажет етеді. Бүгінде кеншілер астанасында осынау даңқты кәсіптің бірнеше ұрпағы ауысты. Біз Екібастұз кеншілерінің еңбектегі ерліктерін әрқашан есімізде сақтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, бейбітшілік, жанұяларыңызға амандық және еңбекте табыс тілеймін, - деді аймақ басшысы құрметті мамандық иелерін құттықтау кезінде. 

Үздік разрез қызметкерлеріне төсбелгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар табыс етілді. Жергілікті әртістер, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары кеншілердің құрметіне өнер көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға