Жаңалықтар

Екібастұзда ер адам жоғары қабаттан секіріп кете жаздады

Екібастұзда ер адам жоғары қабаттан секіріп кете жаздады
Фото: Бейнежазбадан скриншот 14.05.2023 09:01 705

Екібастұздық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

13 мамырда сағат 13.40 шамасынды ПБ кезекші бөліміне Торайғыров көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің төбесінен ер адам секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына бірден учаскелік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Серікбаев пен Мәулет Қарыбаев келіп, шатырдың бір шетінде тұрған ер адамды көргенін растады. Ал елді әурелеңге салған адам: "Маған жақындамаңдар! Әйтпесе мен қазір секіремін!” деген.

Төбеге көтеріліп, ер адаммен сөйлесе бастадым. Оның назарын аудару үшін сұрақтар қойдым. Ол бүгін оның туған күні екенін және оны ренжіткенін айтты. Мен оған соған бола секірмей-ақ, екеуміз бірге осы мәселені шешейік дедім, - деді Нұрсұлтан Серікбаев.

Осы кезде учаскелік полицей оны өзіне тартып, бірінші баспалдақпен түсірген. Сол сәтте оларды жедел медициналық көмек күтіп тұрды. Кейін 28 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға