Жаңалықтар

«Екібастұзда әкімдік ғимаратына мина қойылды»: Телефон терроры ұсталды

Жалған ақпарат беруші бұған дейін осындай қылмысы үшін істі болған
«Екібастұзда әкімдік ғимаратына мина қойылды»: Телефон терроры ұсталды
Фото: kazpravda.kz 07.12.2022 02:10 1032

Екібастұзда әкімдік ғимаратына мина қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратқан телефон терроры ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 желтоқсан күні сағат 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына  бомба салынғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу барлық қызметтер жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ғимаратта 3 қызметкер болды, эвакуация жүргізілді. Жарылғыш заттар ғимаратта ешқандай күдікті және жарылғыш құрылғыларды таппады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция күдікті – Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады. Өз кінәсін мойындады, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы  Қайыржан Шақарғалиев.      

Полиция күдіктінің 2019 жылы осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға