Жаңалықтар

Екібастұзда 11 үйге жылу беру уақытша тоқтатылады

Қаладағы жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
Екібастұзда 11 үйге жылу беру уақытша тоқтатылады
Фото: aikyn.kz 18.01.2023 06:46 793

Екібастұз қаласында 11 үйге жылу беру уақытша тоқтатылады,  деп хабарлайды El.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.  

Екібастұзда жылу берілетін жабдықтау параметрлерін тұрақтандыру және жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

⠀18 қаңтарда келесі жөндеу жұмыстары жоспарланған: Павлов көшесі, 80-үйден Безымянный көшесіне дейінгі учаскедегі жылу желісіне қосу, осыған байланысты сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 7 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату жоспарлануда. Қонаев көшесі, 138-үй бағытындағы орамішілік жылу желісі учаскесіндегі жерасты төсеміндегі зақымдануды жою, осыған байланысты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін 4 көпқабатты тұрғын үй мен 1 заңды тұлғаны жылумен жабдықталмайды, - делінген қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, былтыр 27 қарашада Екібастұздағы жылу электр орталығында апат болып, қала халқы жылусыз қалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға