Жаңалықтар

Екібастұз ЖЭО-да сегіз қазандық қайта қалпына келтіріледі

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісінде жазды
Екібастұз ЖЭО-да сегіз қазандық қайта қалпына келтіріледі
Фото: liter.kz 29.01.2023 17:10 2102

Екібастұзда қаланы жылумен қамту бойынша жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Асайын Байханов ЖЭО жабдықтары мен коммуникацияларының қалай жөнделіп жатқанын тексерді.

Станция 6 қазандықтың жұмысын қамтамасыз етуде, желілерде қалған 9 зақымдануды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

40% аумақ жөндеуден кейін қалпына келтірілді. Келесі аптада темірбетон науаларын орнатуды қажет ететін ең күрделі учаскелерді топырақпен толтырып бастау керек, - деп жазды облыс әкімі. 

ЖЭО алдағы ауқымды жөндеу науқанына дайындалуда. Көктемде станцияда 5 су жылыту және 3 энергетикалық қазандық агрегаттарын қайта жаңартылады. Қазір ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Қазіргі кездегі негізгі міндет - қаланы жылумен жабдықтауды тоқтатуға жол бермеу және оны мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру, - деді Асайын Байханов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға