Жаңалықтар

Екібастұз тұрғындары апта соңына дейін жылумен қамтылады

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Екібастұз тұрғындары апта соңына дейін жылумен қамтылады
Фото: Үкімет 06.12.2022 11:50 849

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Апта соңына дейін Екібастұз тұрғындары толық жылумен қамтылады. Қазіргі таңда әріптесім қаладағы жағдайды бақылауда ұстап, баяндап отыр», - деді министр.

Ол жылу желілерін орнатуға қатысты бірқатар бағдарламалардың бар екенін атады.

«2015 жылы ұзақ мерзімді тарифтер бағдарламасы болды. Бұл дұрыс бағдарлама еді. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде 5 жылдық тарифтер іске асырылды. Сол кезде Еуропалық реконструкциялық даму банкі жерлігілікті атқарушы өкілдермен бірлесіп, биліктің гарантиясынсыз жұмыс істеді. Салаға 5 жылдық қызмет үшін 2 трлн теңгеге дейін инвестиция жұмсалды. Дегенмен 2018 жылға дейін 1трлн 200 млрд теңгені жұмсап үлгерді. Желілердің істен шығуы 50-55 пайызды құраған. Кешегі жағдайда бұл көрсеткіш 90 пайызға дейін жеткен», - деді ол.

Министрдің айтуынша, 2013 жылдары «Жылу желілерді жаңарту» бағдарламасы жұмыс істеді. Ол кездердің өзінде 24 мың км желіні жаңарту жұмыстарына 2 млрд теңге жұмсалған. Сол кездің өзінде бұл салаға билік тарапынан көп қаржы құйылды. Сондықтан да мемлекет басшысы тарифтерді құруға байланысты жаңа бағдарламаны орнатудың маңыздылықтарын түсіндірген болатын.

«Қаладағы шығынды компания тұрғындары өз қалтасынан өтейді. Қазіргі таңда қаладағы нақты шығындар есептеліп жатыр. Қаладағы жағдай реттелгеннен кейін барлығы белгілі болады», - деді Серік Жұманғарин.

Қалада жалпы көлемі 420 шақырымды құрайтын желінің 320 шақырымынан ақау шыққаны белгілі екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға