Жаңалықтар

Екібастұз, Степногорск, Рудный және Теміртау қыста тағы жылусыз отырмай ма? Әкімдері жауап берді

Екібастұз, Степногорск, Рудный және Теміртау қыста тағы жылусыз отырмай ма? Әкімдері жауап берді
Фото: El.kz 21.06.2023 12:23 836

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өңір әкімдерінен күзгі-қысқы жылу маусымына дайындықтың қалай болып жатқанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және СҚО өкілдеріне сұрағым, өңірдегі жылу маусымына дайындық қалай болып жатыр? Ертеңгі күні бізде мемлекеттік сатып алу мәселесіне байланысты, арсыз мердігерлердің кесірінен жапсарма жауаптарды тағы алмаймыз ба? Сіздер қала түрғындарының алдында жауаптысыздар. Қыстыгүні тағы да «Amanat» партиясы жылытатын, көмектесетін құрылғыларды тасып жүрмейміз ба?, - деді өз сауалында депутат Бейсенбаев. 

Депутаттың бұл сауалына өңір әкімдерінің орынбасарлары жауап берді. 

Степногорск қаласындағы ЖЭО жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда өңірге 8 млрд теңге бөлінген. 5 млрд теңге ЖЭО-ға бөлінді. 3 млрд теңге жылу желілеріне бөлінді. 20 тамызға дейін жұмыстарды бітіреміз, - деп жауап берді Ақмола облысы әкімінің бірінші  орынбасары Елдос Рамазанов.

Ол өңірде биылғы жылу маусымында мәселе болмайтынына сендірді.

Облыста жұмыстар жүргізіліп жатыр. 18 млрд теңге теңге бөлінді және 8 қазандықтың күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы бақылауда. Арқалық қаласындағы жөңдеу қазан айында аяқталады. Рудный қаласы бойынша биыл қомақты қаражат бөлінді. 10 шақырымнан астам жылу желілерінің жұмысы жүргізіліп жатыр. Қыркүйек айына дейін жұмыс аяқталады, - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов. 

Ол өңірдегі ЖЭО жұмысын толық бақылап отырғанын атап өтті. Петропавлдағы ЖЭО-ға биыл күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілген болатын деп айтты.

12 миллиард теңге қаржы бөліп акционерлердің жасаған жұмыстарының арқасында былтырғы жылыту маусымы уақытында жақсы деңгейде өтті. Биыл акционерлер 9 миллиард  теңге қаржы бөлді. Оған жаңа мұржа салынып жатыр. Қазіргі таңда 4 қазандық қондырғысында жұмыс жүргізілуде. Жылу беру желілеріне де 1,5 миллиард  теңге қаржы берілді, - деп жауап берді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин Теміртаудағы ЖЭО жөңдеу жұмысына әлі ұзақ уақыт керегін айтты. 

Өңірдегі 7 жылу желілерінде 45 қазандық қондырғыға 29 турбинаға жөңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 12 турбинаға күрделі жөңдеу жүргізілуде. Теміртаудағы 7-ші қазандық ЖЭО-2 бойынша   жұмыстар жылу маусымының басына дейін аяқталмау қаупі бар. Дегенмен, қазан айына дейін жұмыстар жалғасады, - дейді Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға