Жаңалықтар

Екібастұз станциясында тағы бір апат орын алды

Екібастұзда 3 қазандық істен шықты
Екібастұз станциясында тағы бір апат орын алды
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі 07.01.2023 17:00 807

Екібастұз жылу электр станциясында 7 қаңтарға қараған түні  штаттан тыс жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, жағдай бақылауға алынған және тұрақталуда. 

Ақау салдарынан жұмыс істеп тұрған үш қазандық тоқтатылды. Жөндеу және технологиялық персоналдың жедел әрекет етуімен екі қазандық таңертең іске қосылды. Осы уақытта бес қазандық істеп тұр. Қалада температура жетпіс жеті градусқа дейін төмендетілген болатын. Қазір температура көтерілуде. Күннің соңына дейін тағы бір қазандық іске қосылады, – дейді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин.

Сондай-ақ ол тұрғындарға жылу болмаған кезде  тұтынылған жылу энергиясы үшін төлемақы қайта есептелетінін  атап өтті. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Екібастұз қаласының әкімдігі (@ekibastuz_akimdigi)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға