Жаңалықтар

Екібастұз-Ақадыр электр желісіндегі апат салдарынан алты облыс жарықсыз қалды

Екібастұз-Ақадыр электр желісіндегі апат салдарынан алты облыс жарықсыз қалды
Фото: loveopium 13.02.2023 11:42 1117

2023 жылдың 13 ақпанында 09 сағат 23 минутта технологиялық қорғаныс әрекетінен Л-5170 Екібастұз-Ақадыр 500 кВ электр желісінде апат болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Kegok компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында 600 МВт, шамамен тұтынушылардың 10%-ы жарықсыз қалған.

«KEGOC» АҚ электр желілерінің апатқа қарсы автоматикасы штаттық режимде жұмыс істеп, соның арқасында Қазақстанның оңтүстігі мен орталық өңірінде тұтынушылардың толықтай жарықсыз қалуының алдын алған.

Қазіргі уақытта электр қуатынан ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларын толық жүктеу жұмыстары жүргізілуде.

«Электр беру желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадалары барған»,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға