Жаңалықтар

Екібастұз әкімдігі МАЭС-ке арналған жер үшін 900 млн теңге артық төлемек болған

Екібастұз әкімдігі МАЭС-ке арналған жер үшін 900 млн теңге артық төлемек болған
Фото: © Pixabay.com 14.03.2024 16:23 400

Павлодар облысының прокуратурасы МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді сатып алуға бөлінген 1 миллиардтан астам бюджет қаражатының шығындалуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған.

Нәтижесінде нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарылды, учаскелердің меншік иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға