Жаңалықтар

Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © El.kz 04.09.2023 07:15 375

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

4 қыркүйек, дүйсенбі күні Атырау, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға