Жаңалықтар

Екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсірген

Екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсірген
Фото: Коллаж El.kz 17.11.2023 12:16 1706

Қонаев қаласында екі полиция қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы “Не молчи” қорының Instagram парақшасында мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қордың айтуынша, бұл туралы бүкіл полиция бөлімі білсе де, үндемейді.

Қыздың ата-анасы да үнсіз. Олардың бұл жаңдайдан хабары болмауы мүмкін немесе олардың да үндемеуі үшін полиция келісіп қойған, – делінген желідегі жазбада. 

Айта кетейік, зорлық көрсеткендердің бірі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болса, екіншісі күзеті бойынша полиция қызметкері қызметін атқарған.  

Бұл екі полицей өздерінің оқушы қызға істеген видеоларын өзгелерге тартқан. Ал бұл басшылыққа жеткен кезде іс насырға шаппас үшін екі қызметкерді де оқиға күнінен алғы датамен жұмыстан шығарған. 

Айта кетейік, бұған дейін кабинетінде қыз зорлаған Талдықорған полиция департаментінің бастығы ұсталғаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға