Жаңалықтар

Екі партия мәслихат сайлауына жіберілді - ОСК

Бұл туралы ОСК төрағасы айтты
Екі партия мәслихат сайлауына жіберілді - ОСК
Фото: baq.kz 02.02.2023 11:18 1261

Бұл туралы ОСК отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы мен Respublica саяси партиялары бірқатар өңірде өзінің филиалдарын ашқанын атап өтті. 

ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов "Байтақ" жасылдар партиясы 21-27 қаңтардағы қаулыға байланысты 15 өңірде мәслихат депутаттарын сайлауға жіберілгендігін атап өтті. 

"Қазіргі уақытта партия филиалдары бірқатар басқа облыстарда құрылды. "Respublica" саяси партиясы да қаулы аясында 19 өңірдің мәслихаттарын сайлауға жіберілді. Бүгінде партия филиалы Атырау облысында құрылды. Осыған байланысты "Байтақ" жасылдар партиясын Абай, Ақмола, Жетісу, СҚО Ұлытау тағы басқа облыстық мәслихат депутаттарын сайлауға қаулы қабылданбақ", — деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға