Жаңалықтар

Екі өңірде 43 градус аптап ыстық болады

14.05.2025 10:22 601
Екі өңірде 43 градус аптап ыстық болады

Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық орнады. Бүгіннің өзінде Шымкент пен Түркістан облысында ауа температурасы +40°C-қа жуықтады. Ал 15-16 мамыр күндері термометр бағандары +43°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте алдағы күндері тұрақты әрі құрғақ ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы +18…+22°C аралығында болса, күндізгі уақытта +40…+42°C-қа дейін ысиды. Жауын-шашын болмайды, желдің бағыты – оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 5–10 м/с шамасында.

Ал Түркістан облысында аптап ыстық одан да қатты сезілмек. Әсіресе жазық аймақтарда күндізгі температура +43°C-қа жетеді. Таулы жерлерде ауа райы сәл салқындау болады — шамамен +34°C. Түнде ауа температурасы +17…+25°C аралығында сақталады. Желдің екпіні 9–14 м/с-қа дейін күшейеді. Жауын-шашын бұл өңірде де күтілмейді.

Мамандар тұрғындарға күннің ыстығынан қорғану шараларын сақтап, ашық күн астында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға