Жаңалықтар

Екі облыста жол жабылды - ҚазАвтоЖол

Екі облыста жол жабылды - ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол 06.01.2024 14:47 4292

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.

 Абай облысында — бір учаске

«Алматы-Өскемен» тасжолының 615-683 шақырым аралығы, Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылына дейін.

Жетісу облысында — 2 учаске

«Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін — 100 км;

«Алматы-Өскемен» автожолында 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қаласы — Абай облысының шекарасы, 58 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға