Жаңалықтар

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Kandinsky 22.02.2024 19:00 376

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыстағы республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Петропавл» (Ұлытау обл. шек. - Арқалық қ.) автожалында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Бұған Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығы себеп болған. 

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Петропавл» (Ұлытау к.-Қостанай обл.шек) трассасында екпінді жел, ауа температурасының төмендеуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. 

22 ақпан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 631 бірлік техника және  1389 жолшы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға