Жаңалықтар

Екі баласын өлтірді деп күдікке ілінген әйел туралы тың дерек шықты

Екі баласын өлтірді деп күдікке ілінген әйел туралы тың дерек шықты
Фото: © Pixabay.com 08.02.2024 09:37 2189

Өз балаларын өлтірді деп күдікке ілінген түркістандық әйел туралы тың дерек айтылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылғанын хабарлаған едік. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

Өз балаларын тұншықтырып өлтірді деген күдікпен іздестіріліп жатқан әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген. 

Жағдай әлі толық зерттелген жоқ және әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ. Болжам жасап, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз, – деді Шиелі аудандық білім бөліміның өкілдері.

Айта кетейік, әйел екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген туралы ақпарат тарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға