Жаңалықтар

«Егінді алқаптарға ешқандай зияны жоқ». Министр Қостанай облысында шегіртке қаптауына байланысты

«Егінді алқаптарға ешқандай зияны жоқ». Министр Қостанай облысында шегіртке қаптауына байланысты
Фото: t.me/KZgovernment 12.07.2023 13:43 1378

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев егінді алқаптардағы шегірткенің қаптап кетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр бұл жағдайды күннің қатты ыстығымен байланыстырып отыр.

Шегірткенің, соның ішінде: азиялық, марокколық италиялық түрлердің таралуы күннің белсенділігімен байланысты. Әр 11 жыл сайын шегірткенің таралуы шарықтау шегіне жететін кезі болады. Келесі жылы «пик» болады. Шегірткенің орташа жылдық таралуына қарағанда 10-20 есеге көбейеді. Былайша айтқанда, шегіртке 100, тіпті 1000 жұмыртқаға дейін сала алады. Шегірткенің сондай циклділігі сол «пик» жылға сәйкес келеді, - деп түсіндірді Қарашөкеев.

Оқи отырыңыз:

Министр шегіртке жылда болатынын атап өтті. Биыл  және келесі жылы да шегірткенің «пигі» болады. Оның сөзінше, шегірткелер егінді алқаптарды жемейді, ауыл шаруашылығы алқаптарындағы егістерге ешқандай зияны жоқ.

Қазақстан бойынша 200-ден астам аппарат бар. Соларды дер кезінде алып келдік. 1,7 млн гектарға жететін улы дәрілерді дайындадық. Өзіміздің резервтеріміз бар. Жұмыстардың барлығы өз уақытында атқарылып жатыр. Өңірдегі ахуал тұрақты, - деді министр.

Бұған дейін шегіртке Қостанай облысындағы 16 мың гектар жайылымдық жерге тарағаны туралы айтылды. Министр өңірге барып, ахуалды бақылаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға