Жаңалықтар

Егде жастағы 50-ден аса студент «Күміс университетте» білім алып жатыр

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті
Егде жастағы 50-ден аса студент «Күміс университетте» білім алып жатыр
Фото: gov.kz 13.01.2023 15:44 1021

Павлодар педагогикалық университетінің Қосымша білім беру институты «Күміс университет» жобасы аясында жұмысын жалғастыруда. Бүгінде мұнда зейнет жасына дейінгі және зейнет жасындағы 50-ден астам студент білім алуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егде жастағы адамдарға аптасына бір рет компьютерлік сауаттылық, пішу және тігін, бейнелеу өнері және йога курстарына тегін қатысу мүмкіндігі беріледі.

Университет оқытушылары оларға салауатты өмір салты, психология және басқа да қызықты тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Ғабдулхаева Бақытжамал Бакустарқызы «Өз денсаулығың өз қолыңда» тақырыбында дәрістер оқиды. Ол жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайтуға көмектесетін салауатты өмір салтының негізгі ережелері туралы айтады.

Университет ардагері Семина Людмила Ивановна Күміс университетінің сабақтарына үлкен қуанышпен келетінін айтты. Ол цифрлық сауаттылық, бейнелеу өнері, пішу және тігу бойынша курстардан өтуде. Ардагер сыныптағы жағымды атмосфераны ұнататынын да жасырмады.

Егде жастағы адамдар тек лекцияларға ғана емес, сонымен қатар семинарларға, шеберлік сабақтарына белсенді қатысады, олар әртүрлі әлеуметтік-мәдени тақырыптарға үлкен қызығушылық танытады. Күміс университетінің білім алушылары оқу жылының соңына дейін сабаққа қатысады. Толық курсты аяқтағаннан кейін барлық студенттер сертификаттар алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға