Жаңалықтар

Эдуард Ещенко стенд атудан олимпиада ойындарына жолдама алды

Эдуард Ещенко стенд атудан олимпиада ойындарына жолдама алды
Фото: olympic.kz 28.04.2024 22:44 314

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Эдуард Ещенко Париждегі Олимпиада ойындарына квота жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ещенко Дохада (Катар) өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол «скит» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. 

Ал шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. 

Айта кетелік, бұған дейін «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко олимпиада жолдамасын иеленген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға