Еуразиялық экономикалық одақ Азия мен Таяу Шығыс нарықтарын қамти отырып белсенді сауда саясатын жүргізуі керек. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
— Менің ойымша, жаңа жағдайды ескере отырып, ЕАЭО аясында жаңа сауда стратегиясын әзірлеумен айналысу қисынды әрі пайдалы болар еді, - деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пайымынша, Азия, Таяу Шығыс нарықтарын кеңінен қамти отырып, белсенді әрі тиімді сауда саясатын жүргізу керек. Осы орайда Қазақстан «буферлі нарық» іспетті пайдалы рөлін таныта алады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық интеграцияның нақты жетістігі маңызды түрде ортақ сауда стратегиясының тиімділігіне байланысты екенін атап өтті.
ЕАЭО Азия және Таяу Шығыспен белсенде түрде сауда жасауы керек – ҚР Президенті
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек