Жаңалықтар

Дзюдошы Жансай Смағұлов Дохадағы әлем біріншілігінен соң спорттық мансабын аяқтайды

Дзюдошы Жансай Смағұлов Дохадағы әлем біріншілігінен соң спорттық мансабын аяқтайды
Фото: olympic.kz 09.05.2023 18:51 541

Дзюдодан 73 келіде ұлттық құрамада өнер көрсететін Жансай Смағұлов спорттық мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Дохада дүниежүзілік біріншіліктің алғашқы айналымында халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) құрамасының атынан күрескен Ресей балуанына жол берген Ж.Смағұлов өзінің мансабына қатысты пікір білдірді. 

Бұл менің соңғы Әлем Чемпионатым болуы мүмкін және елге оралған соң спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын, - деді отандасымыз Катардағы сында. 

Жансай Смағұлов Рио және Токио Олимпиадасына қатысқан. Ол Бразилиядағы өткен төртжылдықтың басты ойындарында 66 келіде күресіп, алғашқы белдесуде Бельгия спортшысын ұтқанымен, екінші айналымда оңтүстіккореялық Ан Ба Улға жол берді.Токиода алғашқы белдесуде Армения дзюдошысын айқын ұтты. Алайда екінші айналымда Канада спортшысына есе жіберген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға