Жаңалықтар

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын аяқтады

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын аяқтады
Фото: instagram.com/kaz_judoteam 08.05.2023 19:03 938

66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық дзюдошы ширек финал жолдамасы сарапқа салынған айқаста Оңтүстік Корея балуаны Ан Баулға ескертумен есе жіберді.

Бұған дейін Ғұсман Перу өкілі Хуан Постигосты иппонмен жеңсе, одан кейін израильдік Барух Шамиловтан басым түсті.

Кеше әлем чемпионатында қазақстандық 4 балуан жарыс жолына шыққан еді. Олардың арасында Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева іріктеу кезеңдерінде жеңілді. Ал 48 келіде Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін белдесуде есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.

60 келіде белдескен қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев ширек финалға дейін жеткенімен, жұбаныш белдесуінде грузин балуанына жол берді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға