Жаңалықтар

Дзюдошы Ғалия Тынбаева Тбилисиде қола жүлдеге ие болды

Дзюдошы Ғалия Тынбаева Тбилисиде қола жүлдеге ие болды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 22.03.2024 18:35 305

Ғалия Тынбаева Грузия астанасы Тбилисиде басталған дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің спортшы жүлде жолында Миреиа Лапуерта Комастың (Испания) жауырынын жерге тигізді. Екінші қоланы Қытай спортшысы алса, Ли Хекён (Оңтүстік Корея) бас жүлдеге ие болды.

Күндізгі сессияда Ұлттық құрама спортшысы А тобында Алёна Сергееваны (Ресей), сосын Мелани Легу-Клеман (Франция) мен Аманда Лиманың (Бразилия) осал тұсын тапқан. Алайда жартылай финалда Оңтүстік Корея дзюдошысы Хекён Лиден ұтылып қалды.

Ғалия былтыр Ұлан-Батыр мен Астанада өткен Үлкен дулыға санатындағы турнирде 5-орыннан көрінген. Бұл оның Grand Slam сериясындағы алғашқы медалі.

Айта кетейік, Тбилисиде қазір 83 мемлекеттен келген 531 татамиге шебері күш сынасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға