Жаңалықтар

Дзюдошы Асқар Нарқұлов Универсиада Ойындарында қола жүлдегер атанды

Дзюдошы Асқар Нарқұлов Универсиада Ойындарында қола жүлдегер атанды
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 30.07.2023 18:58 822

Қытайда өтіп жатқан Универсиада Ойындарында дзюдошы Асқар Нарқұлов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

А.Нарқұлов 73 келіде сынға түсіп, іріктеу кезеңдерінде Қытай спортшысын ұтқанымен, ширек финалда Монғолия балуанынан айласын асыра алмады. Ал жұбаныш белдесуінде италиялық татами шеберін сан соқтырып, қола жүлде үшін күресуі мүмкіндік алды. 

Ал жауапты сында отандасымыз қырғыз дзюдошысын ұтып, Универсиада Ойындарының қоласына қол жеткізді. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапында күрескен Сұңғат Жұбатқан 66 келіде қола медаль иегері атанған еді. 

Аспан асты елінің Чэнду қаласында өтіп жатқан XXXI жазғы Универсиадада 18 спорт түрінен 10 мыңға жуық спортшы бақ сынауда. Ал аталған сынға Қазақстаннан жүзге жуық спортшы аттанған болатын.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға