Жаңалықтар

Дзюдошы Абиба Әбужақынова Дохада әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Дзюдошы Абиба Әбужақынова Дохада әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 07.05.2023 18:25 887

Дохада дзюдодан басталған әлем чемпионатында 48 келіде Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Катарда басталған татами шеберлерінің дүниежүзілік біріншілігінде Атырау облысының өкілі 1/8 финалда Сербия спортшысын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға шықты. Енді Абиба Әбужақынова финал жолдамасы үшін франциялық Ширин Буклимен шеберлік байқасады.  

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрқанат Серікбаев ширек финалға шыққан еді. Алайда жартылай финалға шығар жолда ол Токио Олимпиадасының чемпионы Наохиса Такатоға жол берді. Н.Серікбаев жұбаныш белдесуінде күреседі. Онда жеңіске жетсе, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алмақ.

Сонымен бірге, осы салмақта күрескен Елдос Сметов іріктеу кезеңдерінде өзбекс балуанынан ұтылды. Әйелдер арасында 48 келіде күрескен Ғалия Тынбаева Франция спортшысы Блэндин Понттан айласын асыра алмады. 

7 мамырда Дохада дзюдодан жалауы желбіреген әлем чемпионаты 14-мамырға дейін жалғасады. Аталған біріншілікке Қазақстан командасы толық құрамда атанған болатын. 
 
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға