Дзюдоға 9 жасында келген: 17 жаста әлем чемпионы атанған Ғабит Расулхан кім?

Дзюдоға 9 жасында келген: 17 жаста әлем чемпионы атанған Ғабит Расулхан кім?
Фото: AI көмегімен жасалды

Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан топ жарды. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз финалда Канада өкілі Роман Семирозумовты жеңіп, әлем чемпионы атанды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫ (@drs_mangystau)

Финалға дейінгі жол

Расулхан әлем біріншілігін сенімді бастады. Алғашқы белдесуінде Алжир өкілі Мохамед Зеккурды иппонмен жеңген ол келесі айналымдарда түркиялық Рамазан Гур мен Украина өкілі Хазар Хейдаровтан басым түсті.

Жартылай финалда қазақстандық дзюдошы жапониялық Даичи Таширомен кездесті. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмаған соң белдесу қосымша уақытқа ұласты. «Golden Score» кезеңінде Расулхан қарсыласынан айласын асырып, финал жолдамасын иеленді.

<span class="selectable-text copyable-text xkrh14z">Фото: IJF</span>
Фото: IJF

Алтын медаль үшін белдесуде Ғабиттің қарсыласы канадалық Роман Семирозумов болды. Тартысты өткен финалдың тағдыры да қосымша уақытта шешілді. Шешуші сәтте нәтижелі әдіс жасаған қазақстандық дзюдошы жеңісті жұлып алып, мансабында алғаш рет кадеттер арасындағы әлем чемпионы атанды.

Бір салмақта – екі жүлде

60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Ахмет Баубек те жүлдеге қол жеткізді. Ол ширек финалда кейін финалға дейін жеткен Роман Семирозумовқа есе жіберді.

<span class="selectable-text copyable-text xkrh14z">Фото: IJF</span>
Фото: IJF

Жұбаныш белдесуінде Баубек қырғызстандық Санжар Абдильдаевты жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Үшінші орын үшін кездесуде жапониялық Даичи Таширодан басым түскен отандасымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Осылайша, 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасы бірден екі медаль еншіледі: Ғабит Расулхан – алтын, Ахмет Баубек қола жүлдеге ие болды.

Ғабит Расулхан туралы не белгілі?

Ғабит Расулхан 2009 жылғы 12 қаңтарда Ақтау қаласында дүниеге келген. 17 жастағы спортшы дзюдомен тоғыз жасынан бері айналысады. Ол Маңғыстау облыстық мамандандырылған «Жас батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Дзюдомен қатар самбодан да жарыстарға қатысады.

<span class="selectable-text copyable-text xkrh14z">Фото: IJF</span>
Фото: IJF

Расулхан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ кадеттер арасындағы Еуропа ашық кубогында екі рет жеңіске жеткен.

Ол 2024 жылы да кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған. Сол жолы қола медаль үшін белдесуде жеңіліп, әлем біріншілігінің жүлдесіне бір қадам жетпей қалған еді. Екі жылдан кейін Расулхан сол нәтижесін айтарлықтай жақсартып, әлем чемпионатының ең биік тұғырына көтерілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @judo.kaz.sambo

Жеңістен кейін қазақстандық дзюдошы алғашқы бапкері Манарбек Бисекеновке, жеке жаттықтырушысы Ерғазы Бағдатқа және ұлттық құрама бапкерлеріне алғыс айтты.

Алғысым шексіз. Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын, – деді Ғабит Расулхан.

Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты Гуаякильде 23 тамызға дейін жалғасады. Биылғы додада 59 елден 457 жас дзюдошы бақ сынап жатыр.

Оқи отырыңыз