Жаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: алғашқы жарыс күнінің нәтижелері

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: алғашқы жарыс күнінің нәтижелері
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 12.11.2023 21:11 7518

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Бұл туралы Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60, 66, әйелдер 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Ерлер арасында Жамбыл облысының спортшысы Нұрқанат Серікбаев (60 кг) пен Ақтөбе облысының дзюдошысы Есет Қуанов (66 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, әйелдер арасында Жетісу облысының өкілдері Диана Буркеева (48 кг) мен Нұрсұлу Ералиева (52 кг) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін назарларыңызға ұсынамыз:

Әйелдер

- 48 кг

1. Диана Буркеева (Жетісу облысы)

2.Жібек Жақсыбай (Атырау облысы)

3. Зарина Хуснадин (Алматы қаласы)

3. Алира Шегелекова (Абай облысы)

-52 кг

1. Нұрсұлу Ералиева (Жетісу облысы)

2. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

3.Аружан Адасқан (Жамбыл облысы)

3. Балнұр Әбдешова (Абай облысы) 

Ерлер

-60 кг

1. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)

2.Ержан Еренғайыпов (Астана)

3.Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

3. Дәурен Суюкенов (Алматы облысы)

- 66 кг

1. Есет Қуанов  (Ақтөбе облысы)

2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)

3.Еламан Сұлтанбай (Алматы облысы)

3.Алмас Ғалымов (Абай облысы)

Айта кетерлігі, Ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына 17 облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 463 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 15 қарашаға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға