Жаңалықтар

Дзюдодан Эсмигул Куюлова қола жүлдеге ие болды

Дзюдодан Эсмигул Куюлова қола жүлдеге ие болды
Фото: ©Сали Сабиров 25.09.2023 15:38 432

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 63 келіде күрескен Эсмигул Куюлова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отандасымыз қола жүлде үшін бәсекеде өзбек қызы Севинч Исокованы жеңді. Кездесу голден скорға дейін жалғасты. Соңғы сәтте табандылық танытқан Куюлова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін ол алдымен моңғолиялық балуанды жарыстан шығарған. Одан кейін кореялық спортшыға есе жіберді. Атыраулық спортшы Азиаданың жұбаныш белдесуінде Киоми Ватанабені (Филиппин) 13 секундта иппонмен жеңді.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға