Жаңалықтар

Дзюдодан ӘЧ: Әбиба Әбужақынова қола медаль еншіледі

Белдесу аса тартысты өтті. 
Дзюдодан ӘЧ: Әбиба Әбужақынова қола медаль еншіледі
07.10.2022 00:28 1568
Ташкентте дзюдодан өткен Әлем чемпионатында отандасымыз Әбиба Абужақынова қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz.

Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін таласта Чили спортшысы Мари Ди Варгас Леймен татамиге шықты.

Белдесу аса тартысты өтті. Қосымша уақыт берілді.

Бұл кезеңде чилилік дзюдошы үшінші ескертуін алып, жеңіс Әбиба Абужақыноваға бұйырды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға