Жаңалықтар

Дзюдодан ӘЧ. Дидар Хамза мен Анастасия Маякова жарысты аяқтады

Дзюдодан ӘЧ. Дидар Хамза мен Анастасия Маякова жарысты аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 11.05.2023 19:50 724

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Қазақстанның намысын екі спортшы қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ерлер арасында Дидар Хамза (90 келі) өнер көрсетіп, бірінші айналымнан аса алмады. Молдова өкілі Дорин Готоноагаға есе жіберді.

Әйелдердің бәкесінде татамиге Анастасия Маякова (70 келі) шығып, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Пуэрто-Риконың 34 жастағы спортшысы Мария Перестен жеңілді. 

12 мамыр күні әлем чемпионатында екі дзюдошымыз - Аруна Жангелдина (78 келі) мен Нұрлыхан Шархан (100 келі) өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға