Жаңалықтар

Джошуа UFC-дің бұрынғы чемпионын нокаутқа түсірді

Джошуа UFC-дің бұрынғы чемпионын нокаутқа түсірді
Фото: instagram.com/anthonyjoshua 09.03.2024 12:54 538

Британиялық боксшы Энтони Джошуа UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганнуда нокаутқа жіберді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен кездесу екінші раундта аяқталды. Оның алдында камерундық екі рет нокдаунға түсті.

Джошуа — аса ауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы. Оның еншісінде 28 жеңіс пен үш жеңіліс бар.

Нганну бокстағы карьерасында екінші рет жеңіліс тапты. 2023 жылғы 28 қазанда камерундық британиялық Тайсон Фьюриден жеңілген.

Нганну аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында 17 жеңіске қол жеткізіп, үш рет жеңіліс тапты. Ол ауыр салмақта UFC чемпионы атанған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға