Жаңалықтар

Джо Байденнің бас резиденциясынан кокаин табылды

Джо Байденнің бас резиденциясынан кокаин табылды
Фото: white_house 05.07.2023 12:00 725

Жексенбі күні Вашингтондағы Ақ үйде аздаған дүрбелең болды: күзет қызметкерлері белгісіз ұнтақты тауып алып, АҚШ президенті аппаратын шұғыл эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Америкалық пресса сейсенбі күні жазғандай, табылған ұнтақ кокаин болып шықты.

АҚШ Құпия қызметінің баспасөз хатшысы Энтони Гульельмидің ВВС-ге айтуынша, белгісіз ұнтақ жексенбі күні кешке тоғыздар шамасында табылған және Ақ үй қауіпсіздік мақсатында жабылған.

Президент күзеті дереу өрт сөндірушілерді шақырып, олар ұнтақтың қауіпсіз екенін анықтады.

Соған қарамастан, ұнтақ қосымша талдауға жіберілді. Қазіргі уақытта оның Ақ үйге қалай жеткізілгенін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Президент Джо Байденнің өзі жексенбі күні Ақ үйде болған жоқ. Ол Кэмп-Дэвид резиденциясында еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға