Жаңалықтар

Джеки Чан шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Джеки Чан шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды
Фото: instagram.com/jackiechan 26.12.2023 17:04 1829

Әйгілі актер Джеки Чан шұғыл түрде Шанхайдың Лин Шан ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Metaratings.ru порталының хабарлауынша, 69 жастағы актердің жағдайы ауыр. Оған дәрігерлер барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл ақпарат әзірше расталмаған. Дегенмен Қытайдың әлеуметтік желісінде актердің денсаулығы туралы барлық мәлімет тез арада өшіріліп жатыр деген дерек бар.

Джеки Чанның денсаулығына қатысты қандай да бір мәлімет жариялаған адамдардың аккаунттары бұғатталып жатыр, - деп хабарлады Meta MMA.

Әзірше Джеки Чанның жағдайы туралы актердің туыстары мен жақындарынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға