Жаңалықтар

Дүйсенова отбасы институтын қолдауға бөлінген бюджетті атады

Дүйсенова отбасы институтын қолдауға бөлінген бюджетті атады
Фото: primeminister.kz 20.02.2024 13:28 368

Былтыр отбасыларды қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 1 трлн қаржы жұмсалды. Сенаттағы Үкімет сағатында денсаулық сақтау саласындағы өзгерістердің оң ықпалын айтып өткен Тамара Дүйсенова осындай деректерді алға тартты.

Денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер туу деңгейінің өсуіне, өмір сүру ұзақтығының артуына алып келді. Сондай-ақ ана мен баланы қолдаудың біртұтас әлеуметтік жүйесінің де өз жемісін бергенін байқауға болады, - деді Дүйсенова.

Мәселен, балабақшалардың қолжетімділігі, жұмыс істейтін балаларға қарастырылған Еңбек кодексіндегі жеңілдіктер, сондай-ақ бала дүниеге келген соң оның кәмелет жасына жеткенге дейін берілетін мемлекеттік төлемақылар көпбалалы отбасылар санының артуына алып келді.

Премьер-министр орынбасары 2003 жылы елімізде мемлекеттік бюджеттен 156 мың балаға жәрдемақы төленсе, бүгінгі таңда мемлекеттік жәрдемақы алатын баланың саны 380 мыңға жеткенін айтып өтті. Ал төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа жетпеген отбасылардың саны 2003 жылдары 200 мыңға жетпесе, бүгінде 500 мыңнан асып түседі екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға