АҚШ, Канада мен Мексикада өткен әлем чемпионатында Артентина құрамасының барбекю жасап, сауық құрған видеосы кеңінен таралды. Тек альбеселессте емес, Испания құрамасы да күн сайын ет жеп, кәуап қақтапты. Мұны аспаз Фарход Расулов Instagram парақшасында бөлісті.
Видеодан Испания құрамасының сүйсіне ет жеп отырғанын көруге болады. Әсіресе Кукурелья, Ольмо сияқты ойыншылардың кезек күтпей келіп, кәуаптың дәміне тамсанғанын байқаймыз.
Бұрын Испания құрамасының жанкүйері болатынмын, қазір олар менің кәуабыма жанкүйер болып жүр, – деп жазды аспан Instargam парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тәжікстанда туып, Душанбеде өскен
Фарход Расулов – тәжік аспазы. Ол бірнеше жыл бұрын Лос-Анджелеске көшіп келіп, арманын орындау ұшін барын салады. Сөйтіп, мейрамханасын ашып, АҚШ-та танымал бола бастайды. ӘЧ-2026 қарсаңында оған Испания құрамасына тамақ дайындап беру туралы ұсыныс түседі. Аспан бұл тапсырманы қуана қабылдап, іске кіріседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Расулов әлеуметтік желіде өзінің бұрын бастан кешкен оқиғасын баяндайды.
Біз Нью-Йоркте жұмыс істегенімізде Бруклинде тұрдық. Ал жұмыс орнымыз Манхэттенде орналасқан. Бір бағыттан екіншісіне жету үшін күн сайын метромен қатынадық. Жолға кететін уақытты тиімді пайдалану үшін кітап оқитынмын. Достарым бұл әрекетіме қуып, уақытымды босқа жоғалтып отырғанымды айтатын. Бірақ іштей өзім осылай жалғастырып, тоқтамау керегін жете түсіндім. Сол үшін кітап оқып, блім алып, тынымсыз жұмыс істедім, – деп жазды Фарход Расулов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол Америкадағы табысы, оған жетістікке жетуге көмектескен оқиға туралы жазды.
Америкада алғаш келгенімде сағатына 15 доллар табатынмын. Ал қазір менің қол астымда 15 жұмысшы жұмыс істейді. Менің бір күнгі табысым осы күнге дейін тауып жүрген табысымнан асып жығылады. Неге табыс туралы айтып жатырмын, себебі өзіңмен жұмыс істеуді кейінге қалдырма. Өзіңмен күресу – жетістікке жетудің ең қысқа жолы. Берілмеңіз, сенің қолыңнан келмейді деген сөзге сенбеңіз. Оқыңыз, дамыңыз, алға қойған мақсатқа нық қадам жасаңыз. Төзім, тәртіп пен сенім арманыңыздағы адамға айналуыңызға көмектеседі, – деді аспаз.