Дұрыс тамақтану емес, «ақылды» тамақтану: Астанада жаңа жоба таныстырылды

Дұрыс тамақтану емес, «ақылды» тамақтану: Астанада жаңа жоба таныстырылды
Фото: El.kz

Бүгін, 17 қыркүйекте, Астанада зияткерлік тамақтану мен азық-түлік жүйелеріне арналған NutrIX 2026 алғашқы халықаралық ғылыми конференциясы басталады. Үш күндік жиынға сегіз елден 24 спикер қатысады.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Конференция 17-19 қыркүйек аралығында Назарбаев Университеті кампусындағы Өnergy Creative Hub алаңында өтеді. Негізгі тақырып – Орталық Азияның ерекшеліктерін ескере отырып, дербестендірілген тамақтануды дамыту және ғалымдар мен азық-түлік саласы өкілдері арасындағы байланысты күшейту.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Іс-шара қарсаңында, 16 қыркүйекте, Өnergy Kitchen эксперименттік гастрономиялық кеңістігінде бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз таңғы асы өтті. Кездесуде тамақтану мен денсаулық арасындағы байланысты ғылым қалай зерттейтіні және тағамның аурулардың алдын алудағы орны талқыланды.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Баспасөз таңғы асында NU Impact Foundation басқарма төрағасы Саят Нюсупов Өnergy Kitchen жобасының ғылыми негізіне тоқталды.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Мұнда «Адам – жеген асының көрінісі» деген қағида жүзеге асады. Біз жай ғана дұрыс тамақтану немесе маркетингтік тұжырымдама туралы емес, нутрициология саласындағы көпжылдық зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде қолдану туралы айтып отырмыз. Тамақтану тәсілдерін әзірлегенде адамның физикалық, антропологиялық және генетикалық ерекшеліктері, сондай-ақ өзекті ғылыми зерттеулер мен жаңалықтар ескеріледі. Өnergy Kitchen — дәмді тағам мен ғылыми негізделген дұрыс тамақтануды ұштастыратын зерттеу алаң», – деді Саят Нюсупов.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

NU Медицина мектебінің профессоры Мей Йен Чан тамақтанудың адам денсаулығына тікелей әсер ететінін айтып, конференцияның осы бағыттағы зерттеулерді бір арнаға тоғыстыратынын жеткізді.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Тамақтану денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқарады. Сондықтан NU осы саладағы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті зерттеулерді дамытуға басымдық беріп отыр. NutrIX 2026 жетекші зерттеушілерді, дәрігерлерді, жаңашылдар мен салалық серіктестерді біріктіреді. Олар тамақтануға дербестендірілген тәсілдерді дамыту және оның денсаулықты нығайтудағы рөлін талқылайды, – деді профессор.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Оның айтуынша, биыл Food Lab зертханасы мен Орталық Азиядағы алғашқы эксперименттік гастрономиялық кеңістік – Өnergy Kitchen ашылған.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Мұнда тағам күнделікті ас мәзірінің бір бөлігі ғана емес, зерттеу, инновация, мәдени алмасу және денсаулықты нығайту құралына айналады, – деді Мей Йен Чан.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

NutrIX 2026 конференциясына Қазақстан, АҚШ, Сингапур, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 24 спикер қатысады.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Конференцияны NU Медицина мектебінің профессоры Мей Йен Чан мен Есептеу техникасы және жасанды интеллект мектебінің деканы, NU жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының директоры Хусейн Атакан Варол бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Шақырылған сарапшылар арасында Вашингтон университетінің Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының директоры Кристофер Мюррей, Солтүстік Каролина университетінің профессоры Мартин Кольмайер, кардиология профессоры Чим Ланг, биоэлектроника маманы Джон Роджерс және NU профессоры Дидье Таламона бар.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

Конференцияда дербестендірілген тамақтану, денсаулықтың алдын алу, тағам өндірісіндегі ғылыми жаңалықтар және азық-түлік жүйелерінің болашағы талқыланады.

Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

 

 

Оқи отырыңыз