Жаңалықтар

Дулығамен суретке түспекші болған жігіт темір бас киімді шеше алмай қалды

Дулығамен суретке түспекші болған жігіт темір бас киімді шеше алмай қалды
Фото: ТЖМ 22.04.2024 13:02 2207

Қызылордада суретке түсемін деп басына темір дулыға киген жігіт құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ өкілдеріне ер адамның досы хабар берген.

Қызылорда қаласындағы Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға (шлем) шешілмей жатқандығы туралы хабарлама түсті. Тұрғынның досы суретке түспекші болып, темір дулығаны басына кигенімен, басынан шеше алмай қалған», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен ер адамның басына зақым келтірмей, әуреге салған дулығаны шешіп алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға