Жаңалықтар

Дулат Исабеков Қазақстанның Еңбек Ері атанды

Бұл туралы Ақорда хабарлады
Дулат Исабеков  Қазақстанның Еңбек Ері атанды
Фото: 24.kz 22.10.2022 09:27 2422

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы

Розметов Владимир Фёдорович – «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры» ,- делінген Жарлық мәтінінде .

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға