Жаңалықтар

Дулат Бекбауов – әлем чемпионатының ширек финалисі

Дулат Бекбауов – әлем чемпионатының ширек финалисі
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 09.05.2023 22:07 987

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекбауов 1/8 финалда үндістандық Акаш Сангванмен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дулат Бекбауов Қазақстан құрамасы сапында 2023 жылғы әлем чемпионатының кезекті ширек финалисі атанды.

Бекбауов – 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Өткен жылы ол «кіші әлем чемпионатында» («Странджа кубогы») күміс медаль жеңіп алды.

Бұған дейін Махмұд Сабырхан (54 келі) жастар арасында әлем чемпионы үнді Сачин Савичпен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңгенін хабарлағанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға