Жаңалықтар

Дулат Бекбауов әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде румын боксшысын ұтты

Дулат Бекбауов әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде румын боксшысын ұтты
06.05.2023 16:55 772

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде қазақстандық Дулат Бекбауов румыниялық қарсыласын қапы қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз 1/16 финалдағы айқасын ойдағыдай өткізді. Румынияның белді боксщысы Андрей Мустетовті үш раунд бойынша төпелей ұрған оның қарқыны барған сайын үдей берді. 

Төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен Дулат Бекбауов басымдық танытып қана қоймай, көбірек дəл соққы жасады. Оның 1/8 айналымдағы қарсыласы енді анықталатын болады.

Бұдан бөлек бүгін ұлттық құрама капитаны тараздық Асланбек Шымбергенов 71 келі оныншы жұпта өнер көрсетеді. Отандасымыз 1/16 финалда Тринидада және Тобаго боксшысы Аарон Принспен өзара мықтыны анықтамақ.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға