Жаңалықтар

Дубайдағы қатты жауынға байланысты Air Astana рейстері ертеңге қалдырылды

Дубайдағы қатты жауынға байланысты  Air Astana рейстері ертеңге қалдырылды
Фото: t.me/airastana 16.04.2024 22:18 424

Дубай қаласында қатты нөсерлі жауын салдарынан әуе айлақты су басуына байланысты KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуе компания жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді. Рейстердің мәртебесін әуе компанияның ресми сайтынан тексеруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға