Дубайда ең биік қонақ үй салынды

 x.com/DXBMediaOffice
Фото: x.com/DXBMediaOffice

2025 жылдың қараша айында Дубайда 82 қабатты қонақ үй өз есігін айқара ашады. Бұл нысан әлемдегі ең биік қонақ үй болмақ. Бұл туралы Дубай үкіметі Х әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ресми ақпаратта атап өтілгендей, жаңа кешен қаланың тағы бір символына айналады. Dubai Marina ауданында орналасқан ғимараттың биіктігі 377 метрге жетеді.

x.com/DXBMediaOffice

Айта кетейік, қазір әлемдегі ең биік қонақ үй – Gevora қонақ үйі. Оның биіктігі – 356 метр. Ол да Дубай қаласында салынған.

Оқи отырыңыз