Жаңалықтар

Дубай су астында қалды

Дубай су астында қалды
Фото: Видеодан кадр /t.me/elinfo 17.04.2024 10:15 517

Дубайда толассыз жаңбыр жауып, қаланы су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалада жолдарды су басып, жол қозғалысы тоқтап қалған. Метро стансалары мен ең ірі сауда орталығы – Dubai Mall-тың жертөлесі су астында қалды.

Қала басшылығы тұрғындарды үйде болуға шақыруда. Білім беру мекемелері оқу режимін қашықтықтан оқытуға ауыстырды. Мемлекеттік қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеу ұсынылады. Әуежайда бірқатар рейстер тоқтатылды. Футбол матчтары басқа күндерге ауыстырылды. 

Сондай-ақ Дубай қаласында нөсерлі жауын салдарынан әуеайлақты су басуына байланысты KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға