Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы халықаралық әуежайда түнгі дрон шабуылынан кейін әуе қатынасы біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.
Бұған дейін түнгі уақытта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы салдарынан Дубай халықаралық әуежайы маңындағы жанармай сақтайтын резервуарлардың бірі зақымданып, өрт шыққаны хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Осы жағдайға байланысты Дубай халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдау мен ұшыруды тоқтатқан еді. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, әуе қатынасы біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр.
Аймақтағы шиеленістің күшеюіне Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар әсер етуде. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағаны белгілі.