Жаңалықтар

ДСМ арнайы мамандарға жолдама алу тәртібін жеңілдетеді

ДСМ арнайы мамандарға жолдама алу тәртібін жеңілдетеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.03.2024 06:22 305

Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарға жолдама алу тәртібін, диагностикалық емшараларға жазылуды, жалпы практика дәрігерлеріне бірнеше рет жүгіну қажеттілігін қайта қарайды, себебі медициналық ұйымдардағы пациенттер тарапынан шағымдардың ең көп үлесін осылар құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ДСМ мәліметінше, қазіргі уақытта созылмалы аурулары бар пациенттер үшін арнайы мамандарға қолжетімділік процесін едәуір жеңілдететін жаңа регламенттер дайындалуда.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, процестерді оңтайландыру нәтижесінде қолданыстағы анықтамалардың 27 түрін қысқарту көзделген, рәсімдердің негізсіз түрлерін алып тастау мақсатында диагностика және емдеу хаттамалары қайта қаралуда.

Сонымен қатар дәрігерлердің жүктемесін азайту үшін толтыруға арналған есептік нысандар жеңілдетіледі, олардың бір бөлігі орта медициналық персонал деңгейіне ауыстырылады. Пациенттерге ыңғайлы болуы үшін жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулардың тізбесі жалпы 42 зерттеуге қысқартылатын болады және олардың қолданылу мерзімін 3 айға дейін ұлғайту енгізілетін болады, - делінген мәліметте. 

Мынадай жағдайларда арнайы мамандарға: 

- шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;

- шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;

- дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;

-тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологқа қабылдау;

- онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған жағдайда;

- динамикалық бақылау ауруының бейіні бойынша;

- жастар денсаулық орталықтарына жүгіну регламенті жеңілдетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға