Жаңалықтар

"Дрон үшін ағашқа шыққан": Құтқарушылар ер адамды биіктен түсірді

"Дрон үшін ағашқа шыққан": Құтқарушылар ер адамды биіктен түсірді

Алматы облысының Есік қаласында ерекше жағдай орын алды. Кешкі уақытта 2002 жылы туған жас жігіт ұшып кеткен дронын ағаш басынан түсіру үшін өрмелеп шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда, жоғары көтерілгенімен, кері түсу оңай болмады — жігіт ағаштың ұшар басында қалып қойған.

Аса биіктен өздігінен түсе алмаған азаматқа көмекке төтенше жағдайлар қызметі жетті. №3 өрт сөндіру бөлімінің мамандары арнайы автосатының көмегімен оны жерге аман-есен түсіріп алды.

Абырой болғанда, жігіттің денсаулығына еш зиян келмеген. Медициналық көмек қажет етпеген ол құтқарушыларға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға