Жаңалықтар

Достық үйінде Пасха мерекесі тойланды

Достық үйінде Пасха мерекесі тойланды
07.04.2018 02:31 2108

8 сәуір күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында «Пасха» мерекесі тойланды.

Пасха – Иса мәсіхтің қайта жандану құрметіне арнап белгіленген христиандардың көне мейрамы. Әртүрлі христиан конфессиялары әрқилы күнтізбе қолданатындықтан, Пасха мерекесі әрдайым бір уақытқа сәйкес келе бермейді.

ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы мерекеге жиналғандарды киелі Пасха мерекесімен құттықтап өзінің ізгі тілегін жеткізді.   

Шараға жиналғандар Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктерімен шығармашылық ұжымдардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді.

Сонымен қатар мереке барысында «Белая Сова» қолөнер ұжымының қолдан жасалған бұйымдар көрмесі мерекеге келген қонақтарға арналып жайылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға