Жаңалықтар

"Достарым азайып барады". Әнші Мақсат Базарбаев желіде жан сырын ақтарды

"Достарым азайып барады". Әнші Мақсат Базарбаев желіде жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/maksat_bazarbay 23.08.2023 16:09 1675

Әнші Мақсат Базарбаев әлеуметтік желіде достарының азайып бара жатқанын айтып, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Менің де достарым азайып барады. Ненің белгісі екен? Кейде ойланып кетемін де, қорқамын. Жалғыздық тек Аллаға жарасар. Ең бастысы, қызғаныш пен бәсекелесу екен. Менің айтайын дегенім, ата-анамды, бауырларымды, елді сағындым, - деп жазды Мақсат Базарбаев Instagram парақшасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алла берекесін берсін🇰🇿🌞 (@maksat_bazarbay)

Әншінің оқырмандары қолдау білдіріп, кез келген адамның басынан мұндай сәттер өтенінін жазған.

"Достың үш түрі болады: біріншісі - қалтаңнан ақша кеткенше, екіншісі - мұрныңнан қан кеткенше, үшіншісі - денеңнен жан кеткенше", "Жас келген сайын достар азаяды", "Бұл өмірде достықтық құндылығы азайып кетті", "Қалтаңда ақшаң мен дәрежең болса, дос көп. Ал ештеңең болмаса, досың түгілі туысың жоқ", "Досың азайып, жаңында шын жанашырың тек әйелің қалады", - деп жазды әншінің оқырмандары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға